Шыңжаң жылқы өнеркәсібінің сапалы дамуын ілгерілетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 тамыз
Шыңжаң жылқы өнеркәсібінің сапалы дамуын ілгерілетті

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көркем Шыңжаңның шөбі шүйгін, суы тұнық болумен қатар, жылқы тұқымының қорына бай. Қазір онда 950 мыңнан астам асыл тұқымды жылқы өсірілуде. Қордағы жылқы саны Қытайдағы жылқының шамамен 26 пайызын құрап, елде бірінші орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Шыңжаңдағы 4 кәсіптік оқу орны жылқы өнеркәсібіне байланысты кәсіби мамандар дайындайтын 6 мамандық ашып, негізінен докторантура, магистратура, бакалавриат білім алушылары, колледж бен техникалық орта мектеп оқушылары үшін жылқы өнеркәсібі мамандарын оқытудың толық жүйесін қалыптастырды. Сонымен бірге оқу орындарының шәкірттері тек аудиториядағы немесе қағаз жүзіндегі ақпаратпен ғана шектеліп қалмай, жылқы фермаларына барып, тәжірибеден алған білік-дағдыларын қолдана алады. Қазіргі уақытта Қытайдағы 2 мыңнан астам жылқы спорты клубының кәсіби және техникалық қызметкерлерінің жартысына жуығы Шыңжаңнан келген мамандар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото