Ван И: АҚШ Тайвань мәселесінде үш қателік жіберді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 тамыз
Ван И: АҚШ Тайвань мәселесінде үш қателік жіберді

8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 2022 жылдың 7 тамызында Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Бангладешке сапары кезінде орын алып отырған жағдай мен АҚШ тарапының қисынсыз әрекеттеріне тоқталып, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Қытайдың Тайвань өңіріне жасырын жасаған сапарында АҚШ тараптың үш қателік жібергенін атап өтті.

Біріншіден, Қытайдың ішкі істеріне өрескел араласу. Қытайдың бірнеше рет ескертулеріне мән берместен, АҚШ бассыздықпен, АҚШ үкіметіндегі №3 тұлғаның Тайваньға айтылмыш «сапарын» ұйымдастырды. Тайвань Америка Құрама Штаттарының бөлігі емес, Қытайдың территориясы екенін, бұны АҚШ-тың өзі де ашық түрде мойындағанын естен шығармау керек. АҚШ-тың бұл әрекеті Қытайдың егемендігіне елеулі түрде нұқсан келтіру болып табылады.

Екіншіден, «Тайвань тәуелсіздігін» қолдайтын күштерге еркіндік берді. Кез келген ел ұлттық бірлікті сақтайды және ешбір бөлшектеуші күштердің ойсыз әрекетіне жол бермейді. Тайваньдағы билік басындағы Демократиялық Прогрессивті партиясы тәуелсіздікке ұмтылатындығын өз партиясының бағдарламасына кіргізді. Соңғы жылдары біртіндеп «Тайвань тәуелсіздігіне» ұмтылу және «екі Қытай» мен «бір Қытай, бір Тайваньды» құру үшін барлық айла-шарғыны жасап келеді. АҚШ Өкілдер палатасының спикері оны ашық қолдап, іріткі салушы күштермен бірігіп, Қытай халқымен жауласты.

Үшіншіден, жат ниетпен әдейі Тайвань бұғазының бейбітшілігін бұзуды көздеді. Америка Құрама Штаттары алдымен мәселе тудырып, содан кейін оны өзінің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Америка Құрама Штаттарының Нэнси Пелосидің сапарын жоспарлауда, өздерінің дәстүрлі айла-амалдарын қайталап қолдануға тырысып, орайды меңгеріп аймақтағы әскери орналастыруды ұлғайтуды көздеді. Бұған барлық тараптар жоғары қырағылық пен қатаң қарсылық көрсетуге тиісті.

Ван И Қытайдың қатаң ұстанымы мен қолданған шаралары орынды, ақылға сыйымды, заңды, қажетті, ашық және қисынды. Оның мақсаты - Қытайдың қасиетті егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, АҚШ-тың «Тайваньды Қытайды басқару үшін пайдалану» әрекетін тоқтату және Тайвань билігінің «Тәуелсіздікке ұмтылу үшін АҚШ-қа сену» қиялын күйретіп, Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен аймақтық тұрақтылықты шын мәнінде сақтау екенін атап көрсетті.

Ван И ішкі істерге араласпау қағидаты мемлекет пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың «алтын ережесі» және дамушы елдердің өз егемендігі мен қауіпсіздігін сақтаудағы «бойтұмары» екенін баса айтты. «Біз барлық елдерге Қытайдың ұстанымын түсініп, қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Біржақты зорлықты әрекеттің оқтын-оқтын өршіп тұрған бүгінгі таңда халықаралық қауымдастық осыған қатысты нақты консенсус қалыптастырып, басым дауыс беріп, халықаралық қатынастардың негізгі нормасы мен халқаралық заңдылықты бірге сақтап, барша дамушы елдердің заңды құқықтары мен мүдделерін бірлесіп қорғауы тиіс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото