- Барлық ақпарат
Шыңжаңға 30 ислам елінің Қытайдағы дипломатиялық өкілдері барды
![]() |
8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1-4 тамыз аралығында Шыңжаңға 30 ислам елінен 32 елші мен жоғары дәрежелі дипломаттар барды.
Делегация Қашқар, Ақсу және Үрімжіде болып, мешіттер, ислам мектептері мен мұражайларда болып, ескі қаланы жөндеу, қоғамдық қауымдастықтар, жаңа технологиялы кәсіпорындар, жасыл даму және ауылды жандандыру сияқты жобаларды көріп, жергілікті дін қайраткерлері және білім беру мен оқыту орталықтарын бітірушілермен пікір алмасты.
Алжирдің Қытайдағы елшісі Хасан Рабехи: «Сапар барысында Қытайдың Шыңжаңының нақты жағдайын, жергілікті этностардың құқықтары өз деңгейінде қорғалғанын көрдік. Біз Шыңжаңның болашағына сенімдіміз. Қытайдың Шыңжаңымен «Бір белдеу, бір жол» жобасы мүмкіндіктерін тең пайдаланып, инфрақұрылымды, заманауи ауыл шаруашылығын дамытуда, білім беру мен ғылыми зерттеулерде ынтымақтастықты бірге арттырсақ деп ойлаймыз», - деді.
Делегация Қашқар, Ақсу, Үрімжідегі мешіттерге барып, ондағы діни адамдармен тілдесті. Шыңжаң ислам институтында елшілер діни қайраткерлермен пікірлескен кезде, Хасан Рабехи Шыңжаң халқының діни сенім бостандығына ие екеніне және мәдени мұраларының жақсы қорғалғанына куә болғанын жеткізді.
Сапардан кейін Сауд Арабиясының Қытайдағы елшісі Абдуррахман Халиби Қытайдың Шыңжаңының тамаша дамуға қол жеткізіп, дүниежүзімен байланысы артып келе жатқанын айтты. Елші Сауд Арабиясы Қытайдың Шыңжаңымен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, екі жақтың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, технологияға, білімге және басқа да салаларға көбірек инвестиция салуды арттыруға дайын екенін білдірді.
people.cn © People's Daily Online