- Барлық ақпарат
Алғашқы жеті айда еліміздің сыртқы саудасы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,4 пайызға өсті
8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бас кеден басқармасының 7 тамызда жариялаған мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың алғашқы жеті айында еліміздің тауар импорты мен экспортының жалпы құны 23,6 триллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға артты.
Нақтырақ айтсақ, алғашқы жеті айда еліміздің экспорты 13,37 триллион юань болып, 14,7%-ға өсті, импорт 10,23 триллион юань болып, 5,3%-ға артты, сауда табысы 3,14 триллион юанға, 62,1%-ға жоғарылады. Ай сайынғы көрсеткішпен алғанда, шілдедегі өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ды құрады. Бұл ел экономикасының қалпына келуі жалғасып жатқанын дәлелдейді.
Негізгі сауда серіктестері бойынша қарастырғанда, алғашқы жеті айда АСЕАН, Еуропалық Одақ, АҚШ және Оңтүстік Корея еліміздің төрт негізгі серіктесі болып табылады. Тараптармен жасалған импорт пен экспорт сәйкесінше 3,53 триллион юань, 3,23 триллион юань, 2,93 триллион юань және 1,39 триллион юаньды құрап, тиісінше, 13,2%, 8,9%, 11,8% және 8,9% өсімге қол жеткізді.
Дәл осы кезеңде еліміздің «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдермен сауда қатынасы жандана түсіп, импорт пен экспорт өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19,8%-ға өсті, Ал аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестіктің (ВРЭП) қалған 14 мүшесімен импорт және экспорт өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,5%-ға артты.
people.cn © People's Daily Online