Ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы ақшалай табысы нақты түрде 4,2%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 тамыз

8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ауыл шаруашылығы және Ауыл істері министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, бірінші жартыжылдықта халыққа табыс әкелетін ауыл өнеркәсібі тұрақты дамып, ауылды жұмыспен қамту мен кірісті арттыру арналары кеңейе түсті. Өнеркәсіп, жұмыспен қамту және кәсіпкерліктің ықпал етуімен ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы бірінші жартыжылдықта 9787 юань болып, нақты өсімі 4,2%-ға жетті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібінің қалпына келуі жақсарды. Бірінші жартыжылдықта ұлттық ауыл шаруашылығы ас-су өңдеу өнеркәсібінің қосымша құны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,3%-ға өсті. Маусым айында ауыл шаруашылығын индустрияландырудағы ұлттық негізгі жетекші кәсіпорындардың сатып алу менеджері индексі 52%-ға жетіп, өңдеу өнеркәсібінен 1,8 пайыздық тармаққа жоғары болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің электронды саудасы қарқынды дамып, ауылшаруашылық өнімдерінің интернет арқылы бөлшек саудасы 290 миллиард юаньға жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,4 пайызға өсті. Ауылдық демалыс туризмі біртіндеп қалпына келді. Ауылды жұмыспен қамту мен кәсіпкерлік жақсы қарқын алуда. Жергілікті жердегі фермерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 50 ұлттық заманауи агроөнеркәсіптік парктер, 40 өзіндік ерекшелікке ие өнеркәсіптік кластер және 200 қуатты ауылшаруашылық өнеркәсіптік қалашықтар салынды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото