Сыртқы істер министрлігі: «Бір Қытай» қағидатын қолдану әмбебап, сөзсіз және күмәнсіз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 тамыз

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ван Вэньбинь 8 қаңтарда: «Бір Қытай қағидасының мәні айқын және анық, қолданысы жалпыға бірдей, сөзсіз және күмәнсіз. Бір Қытай принципіне, халықаралық құқық пен тәртіпке қарсы келетін кез келген әрекет халықаралық қауымдастықтың ортақ қарсылығына ұшырайды және мақсатына жете алмайды»,- деп атап көрсетті.

Америка Құрама Штаттары, Австралия және Жапония сияқты үш елдің сыртқы істер министрлерінің «бір Қытай саясатына» қатысты ортақ мәлімдемесіне жауап ретінде Ван Вэньбинь кезекті баспасөз мәслихатында жоғарыдағы сөздерді айтты.

Ван Вэньбинь: «Бір Қытай» қағидасы халықаралық қауымдастықтың жалпы консенсусы және халықаралық қатынастардың жалпыға бірдей танылған негізгі норма, ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық тәртіптің құрамдас бөлігі, саяси негізі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы хатшылығының ресми құқықтық қорытындысында да «Тайвань Қытайдың провинциясы ретінде тәуелсіз мәртебесі жоқ» деп анық көрсетілген».

«Кейбір елдер бір Қытай қағидасына әртүрлі префикстер мен жұрнақтар қосып, бір Қытай қағидасын бұрмалап, белінен басуға тырысады, бұл заңсыздық әрі бос әурешілік. Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы» , - деді ол.

Ван Вэньбинь «Бір Қытай» қағидасының мәні айқын әрі түсінікті, яғни дүние жүзінде бір ғана Қытай бар, Тайвань Қытайдың бір бөлігі, Қытай Халық Республикасының үкіметі жалғыз заңды үкімет екенін атап көрсетті. «Бір Қытай принципін қолдану әмбебап, сөзсіз және күмәнсіз болып табылады. Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан мемлекеттер және БҰҰ-ға мүше барлық елдер бір Қытай принципін сөзсіз орындауы және БҰҰ Бас Ассамблеясының 2758 қарарына бойсынуы керек. «Кейбір елдердің істеп жүргені шын мәнінде «бір Қытай» қағидатын бұрмалау, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларына, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпке қиғаштық жасау болып табылады».

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото