Қазақстан 2022 жылғы «Жібек жолы бұлты» атты Қытай тілі жазғы лагерін бастады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 тамыз
Қазақстан 2022 жылғы «Жібек жолы бұлты» атты Қытай тілі жазғы лагерін бастады

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 тамызда Қазақстандағы бес Конфуций институты бірлесіп, жергілікті Қытай тілі әуесқойлары үшін Қытай тілін оқыту мақсатымен, 2022 жылғы «Жібек жолы бұлты» атты Қытай тілі жазғы лагерін онлайн режимінде бастады. Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жазбаша сөз сөйлеп, лагерьдің сәтті ашылуымен құттықтады.

Елші Чжан Сяо өз сөзінде Қытай тілі мен Қытай мәдениетіне қызығушылық білдіретін Қазақ жастарының көбейіп келе жатқанына аса қуанышты екенін айтты. Қытайдың 5000 жылдан астам тамаша тарихы мен мәдениеті бар. Ал Қытай тілі әлемдегі қолданушылары ең көп тіл болып табылады. 2021 жылдың соңына қарай дүние жүзіндегі 180-нен астам ел мен аймақ Қытай тілін оқытуды жүзеге асырды, 76 ел Қытай тілін ұлттық білім беру жүйесіне енгізді. Шет елдерде қазір Қытай тілін 25 миллионнан астам адам үйренуде, 200 миллионға жуық адам бұл тілді үйренген және қолданады.

Елші Чжан Сяо қазіргі COVID-19 індеті рухани байланыс пен әлеуметтік тұрғыда қолайсыздықтар әкелгенімен, «Жібек жолы бұлты қытай тілі жазғы лагері» инновациялық формалар, ғылыми-технологиялық құралдарды кеңінен пайдалану арқылы онлайн сыныптар ашып, Қазақстандағы Қытай тілін оқытудың дамуын үздіксіз ілгерлетуде екенін айтты.

«Жібек жолы бұлты қытай тілі жазғы лагері» Қазақстанда 2020 және 2021 жылдары екі жыл қатарынан өткізілді. Бұл лагерьге әлемнің 23 елінен барлығы 800-ден астам білімге құштар жандар қатысты. Енді індеттің салдарынан жазғы лагерь онлайн формада өтеді. Бұл жазғы лагерьге 326 қатысушы тіркелген. Лагерь 8 тамыздан 19 тамызға дейін жалғасады. Мазмұны үш негізгі бөлімнен тұрады: Қытай тіл білімі курсы, Қытай мәдениеті бойынша дәріс, Қытай тілі білімі мен қытайтану бойынша білім сайысы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото