Куба ақыны Ясеф «Таң патшалығына барды»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 тамыз

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жұрт аузынан «Чанъань(қазіргі Сиань қаласы)- ұлы қала» деп жиі айтылғанымен, осы көрікті қаланың думанды көшелерін екінің бірі біле бермейді. Кубадан келген ақын Ясеф Франсиско Таң патшалығына «оралып», Таң дәуірінің атақты ақыны «Ли Баймен» өнер сынасып, «Таң дәуірінің ханымдарымен» кездесіп, өркендеген әулеттің дәмді құжырынан тамақтанып, гүлденген елдің ән-биін тамашалады.

«Чаньань 12 мезеті» (ежелгі Қытайда бір мезет екі сағат болған) – елдегі тұңғыш Таң патшалығы стиліндегі көше өмірі.

«Чанъань 12 мезеті» болса «12» санын бірлік ететін мазмұнды құрайды. Мысалы, «12 Чанъань көрінісі», «12 Чанъань көшесі», «12 классикалық тағам», «Жергілікті 12 тағам», «Таң патшалығының 12 кейіпкері», «12 ерекше қойылым», «12 әсерлі оқиға», «Таң патшалығының 12 фестивалі» және т.б., жалпы тоғыз сериядан тұратын, 108 жобаны топтастырады. Сонымен бірге көп деңгейлі, әр тарапты, бір-бірінен ерекшеленетін бағыттағы көрініс арқылы толысқан Таң патшалығын көз алдыңызға әкеледі.

Саяхатшылар мұнда Таң патшалығына «қайта оралып», Таң әулетінің көркем қойылымдарын көріп, музыкасын тыңдап, операларына құлақ құрышын қандырады. Сол сияқты патшалықтың дәмді тағамдарынан ауыз тиіп, әдет-ғұрпын сезініп, дәуірге тән бұйымдарды сатып ала алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото