Бүгін - Қазақстанда Абай күні

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 тамыз

Бүгін, 10 тамыз – Қазақстанның Абай күні. 2020 жылдың 5 тамызында Қазақстан үкіметі қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» дейтін мерекелік дата болып бекітілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылдар бойы 10 тамыз ресми түрде Абай Құнанбайұлының туған күні ретінде таңбаланып келді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы дата күнтізбеге Абай күні ретінде ресми бекітілген еді.

Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында 2020 жылы әлемнің 70-ке жуық елінде Абай тойына арналған 250-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото