Еліміз етті сиыр жетілдіруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 тамыз

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 тамызда мал және құс тұқымы өнеркәсібінің 2-нші ғылыми-технологиялық инновация жиналысында ұлттық мал және құстың генетикалық қорлары комитетінің бекітуімен, Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясы Бейжің мал шаруашылығы және ветеринария институтының басшылығымен жетілдірілген «Хуаси сиыры» ұлттық мал және құс тұқымының жаңа сорты деген сертификат алды. Бұл сиыр еліміздегі толығымен тәуелсіз зияткерлік меншік құқығы бар арнайы етті сиырдың жаңа тұқымы саналады. Еліміздің етті сиыр шаруашылығындағы үлкен серпіліс болып таиылады.

Мәліметтерге сәйкес, «Хуаси сиыры» жылдам өсу және жоғары экономикалық тиімділік сипаттамаларына ие. Ол барлық жайылымдық аймақтарға, егіншілік аймақтарына және солтүстіктегі егіншілік пен мал шаруашылығының аралас аймағына ғана емес, сонымен қатар оңтүстіктегі шөпті төбелер мен беткейлерге де үйлесе алады

.Қазіргі уақытта бүкіл ел көлемінде «Хуаси» сиырын өсіретін 41 маңызды шаруа қожалығы, барлығы 60-тан астам бірлескен асыл тұқымды кәсіпорын бар. Қазіргі уақытта «Хуаси сиыры» бесінші буынды асылдандыру жұмыстарын бастады. Бүгінгі генетикалық прогреске сәйкес, 5-10 жылдан кейін «хуаси сиырын» сұрыптап, жетілдіруден кейін, оның өсу қарқыны сияқты негізгі көрсеткіштері халықаралық озық деңгейге жетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото