Сыртқы істер вице-министрі Ма Чжаосюй: Тайвань Қытай территориясының бір бөлігі, аталмыш «бұғаздың орталық межесі» деген ұғым болған емес

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 тамызда Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюй тілшіге сұхбат беріп, Пелосидің Тайваньға сапары туралы сұрақтарына жауап берді.

Ма Чжаосюй Тайвань бұғазының тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіретін АҚШ екенін айтты. «Тайвань Қытай территориясының бір бөлігі, «Бұғаздың орталық межесі» деген ұғым жоқ. Қытай әскері Қытайдың қасиетті егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында Қытайдың Тайвань аралының маңында теңіз және әуе кеңістігінде әскери жаттығулар өткізуде. Біздің шаралар ішкі заңнамаға, халықаралық құқыққа және халықаралық тәжірибеге сәйкес жалпыға ортақ және орынды, ешбір айыптаудан тыс әрекет болып табылады».

Ма Чжаосюй былай деді: «Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары Қытайдың төңірегіндегі теңіз алаптарына жиі барып, өздерінің күш-қуатын дәлелдеу үшін жөнсіз әрекеттерге баруда. АҚШ жыл сайын жүздеген әскери жаттығулар өткізеді. Әсіре сезімталдық таныту, жағдайды ушықтыру қалпағы соларға лайық болар еді».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото