Қытай 8 мың метр тереңдіктегі мұнай мен газ кен орындарын сәтті игеруде

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Sinopec 10  тамызда компанияның Шунбей мұнай-газ кен орны жер астындағы 8000 метр тереңдікте жоғары өнімді өнеркәсіптік мұнай мен газ ағындарын игеруді сынақтан өткізгенін, күнделікті мұнай мен газ эквиваленті 1017 тоннаны құрайтынын хабарлады. Бұл әлемдегі ең терең көмілген мұнай-газ кен орнын барлау мен игерудің сәтті жүргізілгенін білдіреді. Мұндай жетістік елімізге энергетиканы өз әлеуетімен игеруде стратегиялық ғылыми және технологиялық күш береді.

Шунбэй мұнай-газ кен орны Тарым ойпатында орналасқан. Осы жолы 1000 тоннадан асатын мұнай-газ өндірген Шунбей 803 ұңғымасы - күн сайын 244 тонна шикі мұнай және 970 000 текше метр табиғи газ өнімін береді.

Қазіргі уақытта Шүнбэй мұнай-газ кенішінде тікелей тереңдігі 8000 метрден асатын 41 мұнай және газ ұңғымасы, 7500-8000 метр аралығындағы 76 ұңғыма бұрғыланды. Ең терең ұңғы 9300 метрге жетіп, Азиядағы рекордтық көрсеткішті орнатты.

Ақпараттарға сәйкес, еліміздің терең және аса терең мұнай мен газ ресурстары 67,1 миллиард тонна мұнай эквивалентіне жетіп, еліміздің жалпы мұнай мен газ ресурстарының 34 пайызын құраған. Терең және аса терең қабаттар еліміздегі ірі мұнай мен газды ашудың қуатты алаңына айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото