- Барлық ақпарат
Қытай-Азия-Еуропа ЭКСПО көрмесіне қатысатын Қазақстан тауарларының алғашқы тобы Шыңжаңға жетті
12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 тамыз күні 7-нші Қытай-Азия-Еуропа ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін Қазақстаннан кірген тауарлар Қорғас кеденінің тексеруінен өтіп, Үрімшіге жол тартты.
7-нші Қытай-Азия-Еуропа ЭКСПО көрмесіне Қазақстаннан қатысатын алғашқы тауарлар тобы 9 тамызда Қорғас шекарасы ақрылы Қытайға кірген. Тауарлардың саны 27 дана, салмағы 677 келі, құны 1149,9 АҚШ долларын құрайды. Негізгі тауарлар тәтті тоқаштар, сусындар мен т.б. өнімдерден тұрады.
Мәліметтерге сәйкес, 7-нші Қытай-Азия-Еуропа ЭКСПО көрмесі Шыңжаң халықаралық мәжіліс және көрме орталығында 25-30 тамыз аралығында өтеді. Бұл жолы ЭКСПО алғаш рет онлайн + офлайн режимінде ұйымдастырылады. Оған Азия, Еуропа, Океания, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Африканың 45 елі және аймақтарынан мекемелер мен кәсіпорындар қатысады.
people.cn © People's Daily Online