Әнуар Нұрбекұлы: Менің бақытты қарттық шағым

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Іле қазақ автономиялық облысы Күнес ауданының тұрғыны 90 жастағы Әнуар Нұрбекұлы атамыздың күнделікті ермегі есік алдындағы ағаштың саясында отырып, ойнаған балалардың қылығын тамашалау. Қарт үнемі екі немересін ертіп ат мініп, ат жабдықтарын жасап, кейде тіпті оларға сабақ пысықтатады. Әнуар атамыз ауылда өз беделі бар қарт. Туыс-туған, дос жарандары да күн құрғатпай келіп атаның халін сұрап тұрады. Қазір жасы 90-ға келсе де атамыздың денсаулығы жақсы, бала-шағасы опалы, көрші-қоламдары қайырымды, тұрмысы бақытты. Ол өзінің қарттық кезеңін бақытты сезінеді.

 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото