- Барлық ақпарат
Шілдедегі автокөлік өндірісі мен сатылымы дәл осы кезеңдегі рекордтық көрсеткішке жетті
12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11-інші тамызда Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы жариялаған соңғы деректер шілдеде отандық автомобиль өндірісі мен сатылымы тиісінше 2,455 миллион және 2,42 миллион көлікті аяқтап, өткен бір аймен салыстырғанда 1,8% және 3,3% төмендеп, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 31,5% және 29,7% өскенін көрсетті.
Автокөлік экспорты жаңа өсу нүктесіне айналды
Қытай автомобиль қауымдастығы жариялаған мәліметтерге қарағанда, шілде айында 290 мың көлік экспортталып, экспорт көлемі өткен бір аймен салыстырғанда 16,5% пайызға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыcтырғанда 67% пайызға артты. Оның ішінде 54 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталды. Өткен бір аймен салыстырғанда 89,9%-ға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,6%-ға өсіп, қарқынды дамуды көрсетті.
Қаңтардан шілдеге дейін 1,509 млн. көлік экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,6%-ға өсті. Қытай автомобильдер қауымдастығы 2022 жылы отандық автокөлік экспорты жыл басындағы күтулерге сәйкес 2,4 миллион бірліктен асады деп болжауда.
people.cn © People's Daily Online