- Барлық ақпарат
Алашанькоу шекарасынан кірген Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының саны 1500-ден асты
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 тамыз
![]() |
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 тамыз күні Ресейден жолға шыққан Қытай-Еуропа бағытындағы кезекші пойыз Шыңжаңдағы Алашанькоу(Алатау)шекарасына кірді. Пойыз шекараға кіргеннен кейін Чэндуға жөнелтіледі. Биылғы жылы Қытай-Еуропа бағытындағы пойыздарынан Алашанькоу шекарасы арқылы 1518 пойыз елімізге келіп, жалпы саны ел бойынша бірінші орынға жетті.
Қазіргі уақытта Алашанькоу шекарасы арқылы кіретін Қытай-Еуропа кезекші пойыздары Германия, Польша және Ресей сияқты 7 елден келеді. Тасымалданатын жүк санаттарына автомобильдер мен оның керек-жарақтары, ағаш, темір рудасы, ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, машина жабдықтары, химиялық шикізат және күнделікті қажетті бұйымдар сияқты 8 ауқымды түрлер енеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online