АҚШ сенаторлары Тайваньға тағы да жасырын барды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 тамыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 15 тамыз күнгі кезекті баспасөз мәслихатында мынаны мәлімдеді: АҚШ сенаторы Марки мен оның тобы Қытайдың қатаң ескертулері мен үзілді-кесілді қарсылығын елемеді, Қытайдың Тайваньына жасырын бару ниетінен қайтпай, бір Қытай принципі мен үш Қытай-Американ бірлескен коммюникесі қағидасын ашық түрде бұзды. Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына сұғанақтық жасады және «Тайвань тәуелсіздігі» дейтін бөлшектеуші күштерге ауыр жансақ дабыл берді.

Қытай тағы да АҚШ тарапын бір Қытай принципі мен үш Қытай-Американ бірлескен коммюникесінің ережелерін сақтауға, Тайваньға қатысты мәселелерді орынды және дұрыс шешуге шақырды. Сонымен бірге бір Қытай принципін бұлыңғырлатып, мазмұнын жоғалтатын, бұрмалайтын қате жолды мүлдем тоқтатуға, Қытай-АҚШ қарым-қатынастары мен Тайвань бұғазының тыныштығы мен тұрақтылығына одан әрі зиян келтіруден сақтануға шақырды. Қытай ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтау үшін батыл әрі күшті шаралар қабылдайды. АҚШ-тағы аз санды саясаткерлер мен «Тайвань тәуелсіздігі» дейтін бөлшектеуші күштер бірігіп, бір Қытай принципіне қарсы шығуға тырысуда. Бұл жағдайда әлін білмеген әлекке түсіп, сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото