Шыңжаң Қорғас шекарасы биыл алғаш рет отандық тірі бекіре балығын экспорттады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 тамыз
Шыңжаң Қорғас шекарасы биыл алғаш рет отандық тірі бекіре балығын экспорттады

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тірі бекіре тұқымдас балықтарға толы үш жүк көлігі 15 тамыз күні Шыңжаң Қорғас автожол шекарасынан сәтті шығып, Қазақстанға жол тартты. Бұл биылғы жылы Қорғас шекарасынан экспортқа шығарылған отандық бірінші топтағы тірі бекіре, сонымен қатар Шыңжаң арқылы экспортталған алғашқы бекіре балықтары.

Бекіре балығы – жылы және салқын суда тіршілік ететін балық түрі, ол жүзетін судың температурасы 5℃-15℃ аралығында болады. Бекіренің дәмі тіл үйіретіндіктен ол халықаралық нарықта өте танымал өнім. Мәліметтерге сәйкес, бұл жолғы экспортқа шығарылған Хубэйдің Ичан қаласы бекіре балығының жалпы салмағы 10 тонна, тауар құны 1 миллион 830 мың юань.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото