Қазақстанда жылдық инфляция 15% құрады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 тамыз
Қазақстанда жылдық инфляция 15% құрады

Шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы жылдық инфляция 15%-ды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптада мен монополияға қарсы агенттікке бағаны көтеру және қант тапшылығына байланысты компанияның қызметін тексеруді тапсырдым. Бұл проблеманың көтерілгеніне біраз болды. Сондықтан мұндай жағдайды жауапты органдар ертерек анықтап, алдын алуы керек", — деді ҚР Премьер-Министрі.

Әлихан Смайылов инфляцияны тежеу үшін қажетті құралдар бар, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдалануы тиіс екенін айтты.

Тағы да назар аударатын жағдай – өңірлердегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесінің 15% мөлшерінде болуына және ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу үшін келісім-шарттардың уақытылы жасалуына бақылауды күшейту керек", — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Премьер-Министр хабарлағандай, 7 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,3%-ға жетті. Ол экономиканың өсуіне нақты сектор үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

Өңдеу өнеркәсібі саласында азық-түлік өндірісі 3%-ға, сусындар өндірісі 9%-ға артты. Жеңіл өнеркәсіпте өсім 5%-дан астам. Химия өнеркәсібінде шамамен 11%-ға, мұнай өңдеуде - 4%-ға, машина жасау өнімдерін шығаруда - 8%-ға дерлік өсім бар. Металлургия өндірісі 5%-дан астам өсті", - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, құрылыс саласы 8,6%-ға сенімді өсімді көрсетіп отыр. 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету саласында сауда-саттық 6%-ға, көлік - 5,5%-ға және байланыс - 6,5%-дан астам өсті.

7 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер бойынша Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте өсім байқалады. 

Жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері мақсатты макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуі керек. Өсу динамикасын қолдау үшін экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестициялық жобаларды іске асыру және жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жандандыру қажет", - деп толықтырды Әлихан Смайылов. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото