Қытай мен Қазақстан консулдық консультацияның 20-сыншы кезеңін өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 тамыз
Қытай мен Қазақстан консулдық консультацияның 20-сыншы кезеңін өткізді

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы 17 тамызда Қытай Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаменттің Бас директоры Ву Си мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық департамент директоры Б.Ақатаев бейнебаян арқылы Қытай-Қазақстан 20-сыншы консулдық консультациясына тең төрағалық етті.

Тараптар адамдардың барыс-келісін жеңілдету және шетелдегі азаматтар мен мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша терең пікір алмасты. Сонымен бірге індеттің алдын алу мен бақылауды қалыпқа келтіру аясында қажетті адамдар барыс-келісін одан әрі жеңілдету, қызметкерлер мен мекемелер мүдделерінің қауіпсіздігі мен заңды құқықтарын қорғау үшін практикалық шаралар қабылдау туралы келісті.

Тараптар екі ел басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты жүзеге асыруға және Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, консулдық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, екі ел арасындағы түрлі салалар бойынша практикалық ынтымақтастыққа берік негіз қалауға келісті. Осылайша Қытай - Қазақстан қарым-қатынасының салауатты және тұрақты дамуына үлес қосуды мақсат етті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото