Қытай әскерлері «Шығыс-2022» оқу-жаттығуына қатысу үшін Ресейге аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Ресей әскерилерінің жыл сайынғы ынтымақтастық жоспары мен екі тараптың ортақ келісіміне сәйкес, Қытай халық азаттық армиясы жақын арада Ресейге «Шығыс-2022» оқу-жаттығуына қатысу үшін бір бөлім әскерлерін жібереді. Бұл оқу-жаттығуға Үндістан, Беларусь, Тәжікстан, Моңғолия және басқа да елдерден қатысады.

Қытай тарапы қатысушы елдердің әскерилерімен прагматикалық және достық ынтымақтастықты тереңдетіп, барлық қатысушылардың стратегиялық үйлестіру деңгейін арттырып, және әртүрлі қауіп- қатерлермен күресу қабілетін арттыру мақсатында осы шараға өз өкілдерін жіберіп отыр. Оқу жаттығудың қазіргі халықаралық және аймақтық жағдайға еш қатысы жоқ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото