Шыңжаңның он жылдағы ұлы өзгерістері

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 тамыз
Шыңжаңның он жылдағы ұлы өзгерістері

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның табиғаты көркем ғана емес, жері құнарлы, жемісі тәтті, этнимкалық топтары бір-бірімен ынтымақты. Соңғы он жылда Тяньшань тауының солтүстігі мен оңтүстігі тамаша келбетке еніп, бұқараның тұрмыс деңгейі айтарлықтай жақсарды. Бұл өзгерістерді санмен көрсетер болсақ, төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткіземіз:

Біріншіден, 2012-2021 жылдар аралығында Шыңжаңның жалпы ішкі өнімі 741,183 миллиард юаннан 1598,365 миллиард юаньға дейін өсті.

Екіншіден, 2012 жылдан 2021 жылға дейін Шыңжаңдағы қала тұрғындарының жан басына шаққандағы жылдық қолдағы табысы 17 921 юаннан 37 642 юаньға, ал ауыл халқының жылдық қолдағы табысы 6 394 юаннан 15 575 юаньға дейін артты.

Үшіншіден, 2012-2021 жылдар аралығында Шыңжаңдағы егіс көлемі 5136740 гектардан 6387440  гектарға дейін ұлғайды.

Төртіншіден, 2020 жылдың аяғына дейін Шыңжаңдағы барлық 3 миллион 64 мың 900 ауыл-қыстақтағы әлеуметтік жағдайы төмен адамдар жоқшылықтан құтылып, 3666 кедейленген ауылдар жойылып, 35 аудан кедейлік шекпенін шешіп, абсолютті кедейлік мәселесі нақты тарихи түрде шешілді.

Бесіншіден, Соңғы он жылда Шыңжаң жалпы мемлекеттік бюджет шығыстарының 70%-дан астамын халықтың тұрмысын қамтамасыз ету және жақсарту үшін жұмсады. Жұмыспен қамту, білім беру және медициналық көмек көрсету сияқты негізгі өмір сүрудің маңызды жобаларын ілгерілету әрі қарай жалғасты.

Алтыншыдан, 2021 жылдың аяғына дейін Шыңжаңдағы мектепке дейінгі білім берудің жалпы қамтылуы, тоғыз жылдық міндетті білім берудің орнықтыру деңгейі және жоғары орта мектептің жалпы қамту деңгейі сәйкесінше 98,19%, 95,69% және 98,87%-ға жетті.

Жетіншіден, 2012 жылдан 2021 жылға дейін Шыңжаңдағы темір жолдың жұмыс істеу қашықтығы 4914 километрден 8151,99 километрге дейін, ал жоғары жылдамдықты жолдардың жалпы жүріс бағыты 2277 километрден 7014 километрге дейін ұзарды.

Сегізіншіден, Шыңжаңдағы туризм жандана түсті. Ел ішінен келген туристер саны 2012 жылғы 47,11 миллионнан 2021 жылы 190,567 миллион адамға дейін өсті.

Тоғызыншыдан, 2012-2021 жылдар аралығында Шыңжаңдағы орманмен қамту көрсеткіші 4,24 пайыздан 5,02 пайызға дейін жоғарылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото