Америка Құрама Штаттары мен Тайвань арасындағы егемендік немесе ресми сипаттағы кез келген келісім туралы келіссөздерге батыл қарсы тұру

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік кеңестің Тайвань істері басқармасының баспасөз хатшысы Ма Сяогуан 18 тамыздағы тілшінің сұрағына берген жауабында: «Біз Америка Құрама Штаттары мен Қытайдың Тайвань аймағының егемендік немесе ресми сипаттағы келіссөздер туралы кез келген келісіміне үзілді-кесілді қарсымыз», -деді.

Журналист хабарларға сәйкес, АҚШ пен Тайвань «XXI- ғасырдағы АҚШ-Тайвань сауда бастамасы» деп аталатын келіссөздерді бастайтыны туралы қандай пікірде екенін сұрағанда, Ма Сяогуан жоғарыдағы ескертулерді айтты.

Ма Сяогуан былай деді: «Біз АҚШ-ты нақты әрекеттермен бір Қытай қағидасы мен үш Қытай-Американ бірлескен коммюникелерін сақтауға шақырамыз. Қытайдың бірігуіне, ұлттық жаңғыруына бөгет болу үшін Тайваньды дойбының тасы ету ойыны еш нәтиже бермейді».

Ма Сяогуан ДХП билігіне экономикалық және сауда ынтымақтастығы атын жамылып, сыртқы күштермен тіл табысып, аралдағы халықтың мүддесін сатып, саяси мақсатты көздеудегі теріс пиғылдың соңы жақсылыққа апармайтынын ескертті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Renato Lu)

Фото