Қаңтар-шілде айларында елде шетел капиталын нақты пайдалану өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Сауда министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, қаңтар-шілде аралығында елдегі шетелдік капиталдың нақты пайдаланылуы 798,33 миллиард юань болып, салыстырмалы негізде (төменде де солай) өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,3%-ға өсті. АҚШ доллары бойынша 123,92 миллиардқа жетіп, 21,5%-ға өсті.

Өнеркәсіп саласы бойынша, қызмет көрсету саласы 598 миллиард 920 миллион юань шетел капиталын нақты пайдаланып, 10 пайызға ұлғайды. Шетелдік капиталды жоғары технологиялық өнеркәсіпте нақты пайдалануы 32,1%-ға өсті, оның ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 33%-ға, жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 31,8%-ға жоғарлады Дереккөздер бойынша Қытайға Оңтүстік Кореядан, АҚШ-тан, Жапониядан және Германиядан келген нақты инвестиция сәйкесінше 44,5%-ға, 36,3%-ға, 26,9%-ға және (еркін порттар арқылы инвестициялық деректерді қоса алғанда) 23,5%-ға өсті. Аймақтық бөлу тұрғысынан алғанда, еліміздің шығыс, орталық және батыс аймақтарында шетелдік капиталды нақты пайдалану сәйкесінше 15,2%, 30% және 41,2%-ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Renato Lu)

Фото