АҚШ-та 14 мыңнан астам адам маймыл шешегін жұқтырған

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 тамыз
АҚШ-та 14 мыңнан астам адам маймыл шешегін жұқтырған

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының соңғы мәліметтеріне сәйкес, ол елде 14,1 мыңнан астам маймыл шешегі ауруын жұқтырудың расталған жағдайлары тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап.

Президент Байден әкімшілігінің өкілдері бейсенбі күні ауруға шалдығу жағдайларының 96%-ы ер адамдар арасында тіркелгенін хабарлады. 6 мың жағдайды талдау деректеріне сәйкес, 35%-ы – ақ нәсілділер, 33%-ы – латын-америкалықтар және 28%-ы – қара нәсілділер.

Балалар арасында да сырқаттанушылар саны артып келеді, қазіргі уақытта 12 жағдай тіркелген.

Ақ үй дүйсенбіден бастап маймыл шешегіне қарсы вакцинаның қосымша 1,8 миллион дозасы қолжетімді болады деп мәлімдеді, өйткені ауру жұқтырушылар саны бір аптада 30%-дан астамға өскен.

Медицина қызметкерлері екпені тікелей тері астына енгізеді, бұл дәрігерлерге бір дозаны бес инъекцияға бөлуге мүмкіндік береді.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының директоры Рошель Валенски бейсенбі күнгі брифингіде үкімет вакцинаның тиімділігін әлі де зерттеп жатқанын мойындады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото