Қытайлық көліктер Орталық Азия нарығында жақсы сұранысқа ие болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 тамыз
Қытайлық көліктер Орталық Азия нарығында жақсы сұранысқа ие болды

23 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Аруа Белгібаева Chery Tiggo 8 Pro сатып алып, Қазақстандағы Chery көлігін сатып алған 1000-ыншы тұтынушы болды. «Бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы қытайлық автокөлік компаниялары Қазақстан нарығын жеңіп алды»,- дейді қазақстандық Orbis Automotive Group автобөлшек сауда компаниясының бас менеджері Динара Ысқақова.

Өткен жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан нарығында ресми сатылымынан бастап Chery қауіпсіздік көрсеткіштері мен жаңа технологияларды кеңінен қолдану артықшылықтарымен жергілікті тұтынушылардың ықыласына ие болды. Қазақстандағы автокөліктерді сатумен айналысатын FAW Group компаниясының директоры Нұрлан Шамғонов биылғы жылдың маусым айында Chery елдегі ең көп сатылатын қытайлық автокөлік бренді болғанын жеткізді.

2014 жылдың өзінде-ақ Anhui Jianghuai Automobile Group Co., Ltd. (бұдан әрі - «JAC Automobile») қазақстандық зауыттың өндіріс қуатын жаңартты. 2021 жылы JAC Kazakhstan зауыты әр түрлі үлгідегі 60 мыңнан астам көлік шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,85%-ға артып, Қазақстандағы ең ірі автомобиль зауыты ретіндегі орнын одан әрі нығайтты.

Өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Әділет министрлігіне JAC таза электрлі iEV7S көлігі тобымен жеткізілді. Қазақстанда жергілікті өндірілген жалғыз таза электр көлігі ретінде iEV7S сенімділік, жайлылық және бейімделушілік бойынша керемет өнімділікке және беделге ие болды.

Соңғы жылдары қытайлық автокөлік компаниялары Орталық Азия елдеріне төмен көміртекті экономикаға көшуге көмектесу үшін электр энергиясымен жабдықталған жаңа энергетикалық көліктерді дамытуға міндеттелді.

Сауалнама сондай-ақ Орталық Азиядағы автокөлік пайдаланушыларының қытайлық автокөліктердің электронды жүйелері мен ішкі дизайнын ұнататынын көрсетті. Мысалы, Haval көліктерінің ең қарапайым конфигурациясында рульді жылыту және мультимедиялық сенсорлық басқару сияқты функциялары бар. Орталық Азияның бес еліне экспортталатын қытайлық BYD автокөлік брендінің саны жылдан-жылға артып келеді және Dolphin және Han EV сияқты модельдер өте танымал. Биылғы жылдың басында BYD Auto Industry Co., Ltd. мен Өзбекстанның мемлекеттік автомобиль тобы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумға қол қойып, Өзбекстанда электрмен жүретін жеңіл көліктер мен электробустарды бірлесіп шығару мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында құрылған Қытай көлік импорты мен экспорты альянсы қазақстандық пайдаланушыларға қытайлық автокөлік бөлшектері мен техникалық қызмет көрсетуді ұсыну үшін Қазақстандық GRM компаниясымен ынтымақтасады. Сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жақсарту қытайлық автокөлік брендтерінің құндылығын арттырып тұтынушылардың брендке деген сенімін жоғарлатты. Қазіргі уақытта Қытай көлік импорты мен экспорты альянсының бизнесі GRM арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға дейін кеңейтілді. Бұл тіпті де көп Орталық Азия тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото