Еліміз «Цифрлық экономика серіктестігі туралы келісімге» қосылу туралы келіссөздерді жан-жақты дамытады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 тамыз

23 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың цифрлық экономика серіктестігі келісіміне (DEPA) қосылу жөніндегі жұмыс тобы бірнеше күн бұрын ресми түрде құрылды. Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы 22 тамызда «Жұмыс тобының құрылуы еліміздің DEPA-ға қосылу жөніндегі келіссөздерді жан-жақты дамытатынын білдіреді»,-деп мәлімдеді.

DEPA бастамасын Жаңа Зеландия, Сингапур және Чили 2019 жылдың мамырында жоспарлап, 2020 жылдың маусымында қол қойған болатын. Бұл әлемдегі алғашқы цифрлық экономика аймақтық келісімі. 2021 жылдың 1 қарашасында Сауда министрі Ван Вэньтао Қытай атынан мүшелікке ресми түрде өтініш берді.

Әлемдегі екінші ірі цифрлық экономика ретінде Қытай цифрлық дамуды жеделдетуде. Сондай-ақ ережелер, түзім, басқару, стандарт сияқты институционалдық ашықтықтарды тұрақты түрде кеңейтуде.

Жұмыс тобы DEPA-ға мүше елдер үкіметтерінің өкілдерінен құралады. Оған Чили төрағалық етіп, жұмыс тобының аясында Қытаймен кенестер жүргізіп, Қытайдың бірігу процесінің ілгерілеуіне ықпал етеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото