Еліміздегі мұнай мен газ өндіру биылғы жылдың алғашқы жеті айында рекордтық көрсеткішке жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 тамыз
Еліміздегі мұнай мен газ өндіру биылғы жылдың алғашқы жеті айында рекордтық көрсеткішке жетті

23 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің осыдан бірнеше күн бұрын Ұлттық энергетика әкімшілігінен хабарлағанындай, биылғы жылдың алғашқы жеті айында елімізде жалпы мұнай мен газ өндіру рекордтық көрсеткішке жетті. Ал мұнай мен газ импортының ауқымы жалпы алғанда тұрақтанды.

Биылғы жылдың алғашқы жеті айында ел ішіндегі шикі мұнай өндіру 120 миллион тоннаны құрап, өткен бір жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Ал табиғи газ өндірісі 126,7 миллиард текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға жоғарылады. Құрлықтағы дәстүрлі емес мұнай мен газды және теңіздегі мұнай мен газды игеруде де жаңа серпілістерге қол жеткізілді. Тақтатас мұнайын, теңіздегі шикі мұнайды және теңіздегі табиғи газды өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға, 7,9%-ға және 13,6%-ға ұлғайды. Бұл көрсеткіштер келешекте мұнай мен газды үздіксіз игерудің маңызды әлеуетін дәлелдейді.

Үстіміздегі жылдың алғашқы жеті айында еліміз 290 миллион тонна шикі мұнай мен 86,5 миллиард текше метрге жуық табиғи газ импорттады. Импорттау қайнары негізінен әлемнің ірі мұнай мен газ экспорттаушы елдерін қамтиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото