ЕО баяндамасында Еуропа соңғы 500 жылдағы ең күрделі құрғақшылықты бастан өткеруі мүмкін екендігі көрсетілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 тамыз

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Еурокомиссияның Біріккен зерттеу орталығы 23 тамызда Еуропаның соңғы 500 жылдағы ең ауыр құрғақшылықты бастан кешіріп жатқанын және әлі де аяқталуы белгісіз екенін мәлімдеді.

Еуропалық Комиссияның Бірлескен зерттеу орталығы тамыз айындағы бақылау есебін сол күні жариялады. Есептегі мәліметтерге қарағанда, Еуропаның шамамен 47% -ы құрғақшылық қаупіне тап болуда, ал тағы 17% -ы бұдан да күрделі жағдайда тұр. Шілде айымен салыстырғанда бұл екі көрсеткіш сәйкесінше 3 және 8 пайыздық тармаққа өскен. Біріккен зерттеу орталығының сарапшылары Еуропадағы қазіргі құрғақшылық кем дегенде 500 жылдағы ең ауыр жағдай екені байқалады және жаз маусымы аяқталғаннан кейінгі соңғы деректер бұл бағалауды шынайы деп санайды.

Деректерге сәйкес, жыл басында Еуропаның көптеген бөліктеріне әсер ете бастаған ауыр құрғақшылық тамыз айының басынан бері күшейе түсті. Мұндай жағдай Италияның солтүстігі, Францияның оңтүстік-шығысы және Венгрия мен Румыния сияқты көктемгі құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарда ең ауыр күйінде қалды. Батыс Еуропа-Жерорта теңізі аймағындағы ауа райы қараша айына дейін әдеттегіден жылы және құрғақ болуы мүмкін. Баяндамада құрғақшылық ішкі кеме қатынасы мен электр қуатын өндіруге әсер етіп, кейбір дақылдардың өнімділігі төмендеді делінген. Биылғы жылы жүгері өндірісі алдыңғы бесжылдықтағы орташа көрсеткіштен 16%-ға, соя және күнбағыс тұқымдарының өндірісі сәйкесінше 15% және 12%- ға төмендеген.

Еурокомиссияның инновациялар, зерттеулер, мәдениет, білім және жастар ісі жөніндегі комиссары Мария Габриэль 23 тамызда: «Қатты құрғақшылық пен аптап ыстық Еуроодақ елдеріндегі су деңгейіне бұрын-соңды болмаған қысым туғызды. Орман өрттері орташа деңгейден айтарлықтай жоғары болып, сондай-ақ егін өніміне де ауыр зардап әкелді»,-деп хабарлады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото