Вэй Фэнхэ ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Қорғаныс Министрлерінің отырысында бейне баян арқылы сөз сөйледі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 тамыз

25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 24 тамыз күні Өзбекстанның астанасы Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдері Қорғаныс Министрлерінің отырысы өтіп, оған Қытай мемлекеттік кеңес мүшесі, Қорғаныс Министрі Вэй Фэнхэ онлайн қатысып, баяндама жасады.

Вэй Фэнхэ былай деді: «Адамзат қоғамы тарихта сирек кездесетін көптеген дағдарыстармен және ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешудің дұрыс шешімін беретін жаһандық қауіпсіздік бастамасын ұсынды. Қытай басқа елдермен бірге халықаралық әділеттілік және әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға дайын. Тайвань Қытайдың Тайвані, ал Тайвань мәселесі Қытайдың ішкі ісі. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға жасырын барды. Қытай бұған батыл қарсылық көрсетіп, қатаң айыптады және үзілді-кесілді қарсы тұрды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары мен әскерилері қауіпсіздік қоғамдастығы тұжырымдамасын жасап, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты үздіксіз тереңдете түсуі керек».

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото