«Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасының ынтымақтастық симфониясын бірге орындаймыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 тамыз

29 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Қазақстан мен Қытай халқы ұзақ жылдар бойы терең достық қарым-қатынасты жалғастырып келеді. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толып отыр. Екі мемлекет басшыларының стратегиялық жетекшілігімен Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестік үздіксіз жаңа деңгейге көтерілді». Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев тілшіге берген сұхбатында, Қазақстан мен Қытай халықаралық аренада өзара тығыз байланысты сақтап, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы аясындағы прагматикалық ынтымақтастықты тұрақты түрде алға жылжытып, көрші елдер арасында тату көршілік достық, өзара тиімділік пен ортақ жетістіктің үлгісіне айналғанын айтты.

Ш.Нұрышев Қытайдың даму жетістіктеріне жоғары баға беріп, Төраға Си Цзиньпин ұсынған жаһандық даму бастамасы әлемнің өркендеуін тепе-теңдіктің, үйлесімділіктің, инклюзивтіліктің жаңа кезеңіне жетелейтінін, ерекше практикалық маңызы барлығын, Қазақстан Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты. «Қытай – жаһандық экономикалық өсудің маңызды қозғалтқышы. Қытайдың экономикалық даму жетістіктері ел халқының өмір сүру деңгейін жақсартып, жүздеген миллион адамды кедейліктен құтқарып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан сияқты елдердің экономикалық дамуын арттырды».

Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы сауда-саттықтың тоғысқан жері болып табылады. Ш.Нұрышев былай деді: «Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы алғаш мақсат етіп қойылған ел. Қазақстан мен Қытай «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы аясында белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырады. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жоба – Қытайдың жеке концерті емес, бүкіл әлем елдерінің хоры. Осы уақытқа дейін Қытай 140-тан астам елмен, 30-дан астам халықаралық ұйыммен «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жоба негізінде ынтымақтастық құжаттарына қол қойды. 2013-2021 жылдар аралығында Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы жылдық сауда көлемі 1,04 триллион АҚШ долларынан 1,8 триллион АҚШ долларына дейін кеңейіп, 73%-ға артты. Ш.Нұрышевтің пікірінше, бұл деректер «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканы қалпына келтіруге қуатты серпін бергенін, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер мен аймақтардың экономикалық дамуына тиімді ықпал еткенін және халықтың әл-ауқатын жақсартқанын толық дәлелдейді.

Ш.Нұрышев Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сәтті ұштасып, қазіргі таңда 52 жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты. «Қазақстан жасыл, салауатты, цифрлық «Жібек Жолы» құрылыстарына белсенді түрде қатысады және жасыл технология, цифрлық экономика, инновациялық даму салаларында жаңа өсу нүктелерін құруға ынталы».

Қазақстан елшісі Қазақстан-Қытай (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасының жүйелі дамуының арқасында, Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа жүк пойыздарының көлемі ұлғайып, Қазақстанның транзиттік тасымалдау әлеуетін және өңірлер арасындағы халықаралық сауданы тиімді дамытуға ықпал етті. Тек 2021 жылдың өзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 20 миллион тоннадан асып, Қазақстанның «Қорғас-Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағының құрлық портын, Қазақстан-Қытай Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын және Ақтау порты, Құрык порты сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын одан әрі ілгерілетті. Ш.Нұрышев Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының ынтымақтастығы аясында трансшекаралық тасымалдау бағыттарын одан әрі жақсартуды, логистикалық инфрақұрылымды құруды, өңіраралық байланыс деңгейін арттыруды ілгері жылжытатынын жеткізді.

«Қазақстан мен Қытай шын мәніндегі тату көрші, жақсы дос және сенімді серіктес», - деді Ш.Нұрышев. Үстіміздегі жылдың 8 шілдесінен бастап Қазақстан үкіметі Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз жүйені енгізді. Бұл шара екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы мен мәдени алмасуларды нығайтуға септігін тигізеді. «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы берік іргетас пен кең мүмкіндіктерге ие. Екі ел халықының игілігі үшін Қазақстан Қытаймен әртүрлі салалардағы прагматикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото