- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Алтайындағы үш ірі тау шаңғысы демалыс аумағына 1,03 миллиард юань инвестиция салынды
![]() |
29 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Алтай өңірінде мұз-қар байлығы мол. Биыл үш ірі тау шаңғысы демалыс аумағында жергілікті аймақ инфрақұрылымдық құрылыс пен дамытуды қолға алып, жалпы салған инвестиция көлемі 1 миллиард 300 миллион юаньға жетті.
Генарал тау халықаралық тау шаңғысы демалыс аумағының келушілеріне қызмет көрсету бөлімінің менеджері Тан Гуоли 2022-2023 жылдардағы қар маусымында демалыс аумағындағы көфеханалар, барлар, қонақ үйлер, пәтерлер, сауда көшелері, сондай-ақ өзіндік ерекшелікке ие сауда және азық-түлік аумақтарын пайдалануға берілетінін жеткізді.
Көктоғай халықаралық шаңғы демалыс аумағы жаңа көліктік аспалы жолды, жаңа арқан жолын қосып, сыртқы қар шаңғы аймағын ашып, екі жаңа қар жолын іске қосты.
Қом халықаралық тау шаңғысы демалыс аумағындағы 2800 метрлік аспалы жол қар жауғанда пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта демалыс аумағында тамақ, тұрғын үй, көлік, саяхат, сауда қызметтерін біріктіретін төрт маусымдық туристік демалыс орнын құру үшін шаңғы залы, туристерге қызмет көрсету орталығы, спортшыларға қызмет көрсету орталығы, қонақ үй және басқа да инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары жүргізілуде.
Үш ірі тау шаңғысы демалыс аумағының құрылғылары жақсарғаннан кейін күнделікті қабылдау 100 000 адамға жетеді деп күтілуде.
people.cn © People's Daily Online