- Барлық ақпарат
Орталық үкімет ауыл шаруашылығына бір реттік 10 миллиард юань субсидия берді
![]() |
30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 29 тамыз күні Қаржы министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, Қытай Орталық үкіметі жақында 10 миллиард юань қорын бөліп, нақты астық диқандарына тағы да бір реттік ауыл шаруашылығы субсидиясын берді. Сөйтіп күзгі жиын-терін мен күзгі егіске көмектесіп, ауыл шаруашылығына қажетті заттардың бағасының қымбаттауы мен оның егіске тигізетін салдарын азайтты. Сол арқылы фермерлердің астық өндіруге деген ынтасын одан әрі арттырды. Осы уақытқа дейін, 2022 жылы Орталық үкімет үш топтамада жалпы сомасы 40 миллиард юань субсидия қаражатын бөлді.
Қаржы министрлігі бұл субсидиялаудың мақсаты әлі де ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауынан шығыны артып отырған егіншілерге жәрдемдесу екенін мәлімдеді. Әрбір өңір орын алған жағдайға байланысты субсидиялау нормативтерін жан-жақты белгілеп, заманауи ақпараттық технология құралдарын толық пайдаланып, субсидиялау қаражатын межеленген көлемде және уақытында бөлетін болады.
people.cn © People's Daily Online