Вэнтиань эксперименттік кабинасындағы ғарыш күріші бір айда 30 сантиметрге өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 тамыз

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Еліміз әлемде алғаш рет ғарыштық микрогравитация жағдайында күрішті «тұқымнан тұқымға дейін» өсірудің бүкіл сынақ тәжірибесін аяқтауы мүмкін.

Кеше Қытай Ғылым академиясы Қытай ғарыш станциясының Вэнтиань эксперименттік кабинасында өсімдіктерді өсіру тәжірибесінің барысы туралы мәлімет жарияланды: ««Шэньчжоу 14» ғарышкерлері Вэнтиань тәжірибелік кабинасына арабидопсис тұқымдары мен күріш тұқымдарын отырғызғандарына бір ай толды. Тұқымдар жақсы өніп шықты. Күріш сабақтары шамамен 30 см биіктікке дейін көтерілді, өсу жағдайы жақсы».

Бұл жобаны Қытай Ғылым академиясының молекулярлық өсімдіктер ғылыми шеберлік орталығындағы Чжэн Хуичюн тобы қолға алған болатын. Чжэн Хуичюн былай деді: «Егіс алаңы және энергиямен қамтамасыз етудің тапшылығына байланысты, ғарышта өсірілген дақылдар жоғары өнімділік пен сапаға және энергияны аз тұтыну сипаттамаларына ие болуы керек».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото