ҚКП ОК Саяси бюросының мәжілісі 16 қазанда Қытай коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайын өткізуді ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 тамыз

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитеті Саяси бюросының өткен 30 тамыздағы мәжілісінде Қытай Коммунистік партиясы 19-ыншы Орталық комитетінің жетінші жалпы мәжілісі мен Қытай коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына дайындық барысы талқыланды. Мәжіліске ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин төрағалық етті.

Жиналыста Қытай Коммунистік партиясы 19-ыншы Орталық Комитетінің жетінші жалпы мәжілісі 2022 жылдың 9 қазанында Бейжіңде өтетіні туралы шешім қабылданды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Қытай Коммунистік партиясы 19-ыншы Орталық Комитетінің жетінші пленарлық отырысына Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайын 2022 жылдың 16 қазанында Бейжіңде өткізуді ұсынды.

Жиналыста Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының бүкіл партия мен барлық этностардың заманауи социалистік қоғамды жан-жақты құрудың жаңа жолына түсу кезеңінде, сондай-ақ екінші жүз жылдық күреске қадам басқан сын сағатта өткізілетін аса маңызды шара екені баса айтылды.

Құрылтай Қытайлық ерекшеліктегі социализмнің ұлы туын биік ұстап, марксизм-ленинизмді, Мао Цзэдун идеясын, Дэн Сяопин теориясын, «Үшке өкілдік етудің» маңызды ой-пікірін және ғылыми даму көзқарасын ұстанып, Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық сипатқа ие социализм туралы ойларын толықтай жүзеге асырады.

Құрылтай өткен бес жылдағы жұмыстарды таразылап, жаңа дәуірден бері Си Цзиньпин жолдастың басшылығымен партияның Орталық комитеті бүкіл партияға және әр ұлт халқына жетекшілік етіп, қытайлық сипаттағы социализмге табанды болу және оны дамыту жолындағы жетістіктер мен құнды тәжірибені жан-жақты қорытындылайды.

Құрылтай халықаралық және ішкі жағдайға терең талдау жасап, жаңа дәуірдегі жаңа жолды, партия мен ел дамуының жаңаша талаптарын, халықтың заманауи мақсат-мүдделерін барынша зерделейді.

Құрылтай іс-қимыл бағдарламасы мен ірі саяси әрекеттерді тұжырымдап, барлық партия мен әр ұлт халқының тарихи сенімін нығайтып, тарихи басымдықты күшейтеді. Бүкіл партия мен әр ұлт халқын дұрыс жолды ұстанып, жаңа идеяларды бағдарлап, батыл алға ілгерілеуге жұмылдырады.

Бүкіл партия мен барлық халық «бес-бірлік интеграциясының» (экономикалық құрылыстың, саяси құрылыстың, мәдени құрылыстың, әлеуметтік құрылыстың және экологиялық өркениет құрылысының бірлігі) жобасын үйлестіруді, «төрт жан-жақтылық» (заманауи социалистік елді жан-жақты құру, реформаны жан-жақты тереңдету, елді заң бойынша жан-жақты басқару, партияға жан-жақты қатаң жетекшілік ету) стратегиялық жоспарын мақсатты жалғастырады. Бұқара халықтың ортақ әл-ауқатын нығайтуды көздей отырып, партияның жаңа ұлы жобасын табанды түрде ілгерілетіп, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға белсенді түрде ықпал етеді. Сондай-ақ заманауи социалистік елді жан-жақты құру және Қытай халқының ұлы жаңғыруын кешенді жүзеге асыру жолында бірлесе күрес жүргізеді.

Құрылтайда ҚКП жаңа Орталық Комитеті мен ҚКп Орталық тәртіптік тексеру комитеті сайланады.

Мәжіліс барысында қазіргі таңда құрылтайға дайындық жұмыстарының ойдағыдай жүріп жатқаны аталып, шараға әзірлікті әрі қарай тыңғылықты жалғастырып, құрылтайдың табысты өтуін қамтамасыз ету қажет екендігі баса айтылды. Жиналыста күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото