Михаил Горбачев 92-ге қараған шағында өмірден озды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 тамыз
Михаил Горбачев 92-ге қараған шағында өмірден озды

КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачев 92 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Орталық клиникалық ауруханадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Михаил Горбачев ұзаққа созылған ауыр дерттен бүгін кешке қайтыс болды», - делінген Орталық клиникалық аурухана хабарламасында.

Михаил Горбачев 1931 жылы 2 наурызда дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетін (1955), 1967 жылы Ставрополь ауылшаруашылық институтының (қазіргі Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті) сырттай бөлімін бітірді. 1952 жылы КОКП құрамына кірді, 1971 жылдан бастап ОК мүшесі болды. КОКП ОК соңғы Бас хатшысы қызметін атқарды. Константин Черненко қайтыс болғаннан кейін 1985 жылы осы лауазымға сайланды. Жариялылық пен қайта құрудың басты идеологы болды. Кеңес Одағының бірінші және соңғы президенті болды. 1990 жылы наурызда сайланды, 1991 жылы 25 желтоқсанда қызметінен кетті. КСРО президенті қызметінен кеткеннен кейін ол қоғамдық және әдеби қызметпен айналысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото