«Шығыс-2022» оқу-жаттығуы ресми түрде басталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 қыркүйек

1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Шығыс-2022» оқу-жаттығуы 31 тамыз күні таңертең Ресейдің Уссурийск қаласындағы Сергеевский полигонында ашылды. Жаттығуға қатысу үшін Қытай, Алжир, Үндістан, Беларусь, Тәжікстан, Моңғолия және басқа да елдер әскерлерін жіберді. Ашылу салтанатында Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Ю.Евкуров оқу-жаттығудың басталғанын жариялап, одан соң әр елден келген әскер қолбасшылар сөз сөйлеп, кезеңдерге бөлу рәсімі өтті.

Тілшінің Қытайдың бірлескен жорық қолбасшылығынан алған мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты қатысушы елдердің әскерилері арасындағы прагматикалық және достық ынтымақтастықты тереңдету, тараптар арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейін арттыру және қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді бірлесіп жеңу әлеуетін арттыру болып табылады. Оқу-жаттығу төрт кезеңнен тұрады: әскерлерді жинау және орналастыру, бірлескен жорықты жоспарлау, жорықты бірге жүзеге асыру және әскерлерді ұйымдасқан түрде жұмылдыру. Қатысушы әскерилер бірігіп директорлық бөлім мен бірлескен жорық басқару ұйымын құрады. Қытайдың қатысушы әскерлері негізінен Солтүстік соғыс аймағындағы қолбасшылыққа қарасты құрлық армиядан, теңіз флотынан және әуе күштерінен тұрады. Құрамаларда жалпы 2000-нан астам әскер, 300-ден астам әртүрлі үлгідегі көліктер (жабдықтар), 21 тұрақты қанатты ұшақтар мен тікұшақтар және 3 кеме бар. Соңғы он күнде оқу-жаттығуға қатысқан Қытай әскерлері мотошеру, теміржол көлігі, теңіз маневрлері және әуе тасымалы арқылы шекарадан жеткізу міндеттерін ойдағыдай орындады.

Ресей армиясының төрт негізгі стратегиялық оқу-жаттығуларының бірі ретінде «Шығыс» оқу-жаттығулар сериясы ресейлік әскерилердің оқу-жаттығу жүйесінде маңызды орын алады. «Шығыс-2022» оқу-жаттығуы Ресейдің Шығыс әскери аймағындағы бірнеше полигондар мен тиісті су айдындарында өтеді. Шара 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Оқу-жаттығуға қатысатын әскерлердің жалпы саны 50 мыңға жетеді, ал ондағы қару-жарақ саны 5 мыңнан асады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото