Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 қыркүйек

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашып, халыққа Жолдауын жариялады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолдауда «экономикалық саясат», «нақты секторды дамыту», «ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «заң және тәртіп» сияқты бес түрлі тақырыпта бағдарлар ұсынылды. Оның ішінде биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу; Президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу, қайта сайлануға тыйым салу; келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу, содан кейін Үкімет құрамын жасақту; 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрін қайта жаңғыртып, жаңарту; салық реформасы аясындааса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алғандарға «сән-салтанат салығын» салуды енгізу; телемедицина бағытын дамыту сияқты мазмұндар қамтылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото