Шілде айында Қорғас шекарасындағы жеміс-көкөніс экспорты 121,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 қыркүйек
Шілде айында Қорғас шекарасындағы жеміс-көкөніс экспорты 121,9%-ға өсті

1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 тамыз күні алма, жүзім, жаңа піскен шабдалы және басқа да жемістер мен көкөністер тиелген көліктер Қорғас шекарасы арқылы шетелге шығып, шетелдік ірі супермаркеттерге жол алды. Шыңжаңдағы ауылшаруашылық өнімдерін импорттау мен экспорттаудың көш басшысы ретінде Horgos Jinyi International Trade (Group) Co., Ltd. (бұдан әрі - «Jinyi Group») Орталық Азияның бес мемлекетімен және Ресей секілді елдермен сауда қатынасын ашты.

«Тиісті бөлімдер жеміс-көкөністі импорттаушы елдердің саясатына үнемі назар аударып, тиісті өзгерістер болған кезде бас қосулар өткізіп, сауалдарға дер кезінде жауап беріп отырады. Биылғы жылы біз «жасыл арна» арқылы Қытай мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімдерін жылдам кедендік ресімдеуді жеңілдету саясатымен 15000 тонна жеміс-жидекті экспорттап, сауда көлемі 110 миллион юаньға жетті. Екінші жартыжылдықта біз тапсырыс жоспарына сәйкес 60 мың тоннаға жуық жеміс-көкөніс өнімдерін экспорттап, сауда көлемін 500 миллион юаньға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді Jinyi Group бас менеджерінің орынбасары Юй Сянли.

Тиісті мәліметтер шілде айында Қорғастан 4768,7 тонна жеміс-көкөніс экспортталып, алдыңғы жылдан 121,9%-ға өсіп, ал сауда көлемі 38,599 миллион юаньға жеткенін көрсетті. Алғашқы жеті айда Қорғастан экспортталған жеміс-көкөніс 30 мың тоннаға жетіп, сауда көлемі 500 миллион юаньға артты. Өсу қарқыны сәйкесінше 13,8%-ға және 14,5%-ға жетті. Негізгі экспортталатын жеміс-жидек тізіміне шабдалы, алмұрт және алма түрлері кіреді.

«2021 жылы автожол порты арқылы күн сайын 30-ға жуық ірі жүк көлігі өтсе, ал биыл оның саны 80-ге жетті»,- дейді Қорғас шекарасының қызметкерлері.

«Қорғас» кеденінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы және қосалқы өнімдерді жылдам кедендік ресімдеу үшін «жасыл арна» ашылғаннан бері, 2021 жылдың аяғына дейін Қорғас кедені импортталған және экспортталған 800 000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізген. Олардың сауда көлемі 9,433 млрд юаньды құрады. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында Қорғас шекарасы экспорттаған ауылшаруашылық өнімдерінің сауда көлемі 2 миллиард 209 миллион юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 62,9%-ға артты. Сөйтіп Қытай мен Қазақстан арасындағы ауылшаруашылық және қосалқы өнімдердің сауда деңгейі үздіксіз жақсарып келеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото