Америкалықтардың орташа өмір жасы қысқарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 қыркүйек
Америкалықтардың орташа өмір жасы қысқарды

АҚШ-та коронавирус пандемиясына байланысты өмір сүру ұзақтығы 1996 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

Үкіметтің мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы 76,1 жас. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 79 жас болған еді.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша негізгі фактор Covid-19 болып отыр.

Статистика көрсеткендей, пандемия 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығын 50%-ға, 2019-2020 жылдары 74%-ға қысқартты.

Статистика сонымен қатар ерлер мен әйелдер арасындағы күрт айырмашылықтарды көрсетіп отыр. Ерлердің өмір сүру ұзақтығы шамамен 2021 жылы 73,2 жасқа дейін, ал әйелдерде 10 айға 79,1 жасқа дейін қысқарды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото