- Барлық ақпарат
Мэнтянь эксперименттік модулінің ұшыру миссиясына арналған зымыран тасығышы Вэньчан ұшыру алаңына жеткізілді
5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерлік кеңсесінің 3 қыркүйектегі мәліметі бойынша, Мэнтянь эксперименттік модулінің ұшыру миссиясын орындаған «Чанчжэн 5B Y4» зымыран тасығышы жақында Вэньчан ғарыштық ұшыру алаңына жеткізілді. Осыдан кейін «Чанчжэн 5B Y4» зымыран-тасығышы мен ұшыру алаңына алдымен жеткізілген Мэнтянь эксперименттік модулін құрастыру мен сынақ жұмыстары жүргізіледі.
Миссия жоспарына сәйкес, Қытай ғарыш станциясының екінші эксперименттік модулі болып табылатын Мэнтяань қазан айында ұшырылады. Мэнтянь тәжірибелік модулі іске қосылғаннан кейін Қытай ғарыш станциясының Тяньхэ ядролық модулі, Вэньтянь эксперименттік модулі және Мэнтян тәжірибелік модулі «Т» пішініндегі негізгі конфигурацияны құрап, Қытай ғарыш станциясының орбиталық құрылысын аяқтайды.
Кейінірек «Тяньчжоу-5» жүк кемесі мен «Шенчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады. «Шэньчжоу 15» кемесінің ұшу экипажы серіктес үш ғарышкерден тұрады. Олар «Шэньчжоу 14» ғарышкерлерімен алмасқаннан кейін 6 ай бойы орбитада бірге жұмыс істейтін болады.
people.cn © People's Daily Online