Си Цзиньпин Сычуаньдағы жер сілкінісінің зардаптарын жою үшін барлық күш-жігерді жұмсауды талап етті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 қыркүйек

6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери кеңес Төрағасы Си Цзиньпин Сычуань өлкесінің Лудин ауданындағы жер сілкінісі туралы нұсқау берді. Нұсқауда Төраға «Сычуань өлкесі Ганци тибет автономиялық облысы Лүдин ауданында орын алған 6,8 балдық жер сілкінісі салдарынан көп адам зардап шекті. Адамдарға көмек көрсетуді бірінші міндет етіп, зардап шеккендерді құтқарып, өлім-жітім мен қауіптілікті барынша азайту үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Жер сілкінісі жағдайына бақылауды күшейтіп, апаттың қайталануының алдын алып, ауыр халдегілерді қауіпсіз жерге орналастыру жұмыстарын нақты жүргізу керек»,- деп атап көрсетті.

Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросы Тұрақты комитет мүшесі, Мемлекеттік Кеңестің Премьері Ли Кэцян апат жағдайын жедел тексеруге, жаралыларды құтқару мен емдеуге бар күш-жігерді жұмсауды, көшкін мен лай көшкіні сияқты қайталама апаттардың алдын алу, зардап шеккен адамдарды толық көшіру, зақымдалған көлік, байланыс және басқа да инфрақұрылымды мүмкіндігінше тез арада қалпына келтіруді қолға алу туралы маңызды нұсқау берді.

5 қыркүйекте Сычуаньдағы Ганци тибет автономиялық облысының Лудин ауданында магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі орын алып, оның ошақтық тереңдігі 16 шақырым болды. Осы уақытқа дейін жер сілкінісі салдарынан 46 адам қаза болып, 50-ден астам адам жарақат алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото