Еліміздің сыртқы сауда импорт-экспорты алғашқы 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қыркүйек
Еліміздің сыртқы сауда импорт-экспорты алғашқы 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға өсті

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Бас кеден басқармасының 7 қыркүйек күні жариялаған мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың алғашқы 8 айында еліміздің тауар саудасының жалпы импорттық және экспорттық құны 27,3 триллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға өскен.

Нақтырақ айтсақ, еліміздің алғашқы 8 айдағы экспорты 15,48 триллион юань болып, 14,2%-ға жоғарыласа, импорт 11,82 триллион юань болып, 5,2%-ға өсті.

Сауда серіктестері тұрғысынан қарағанда, АСЕАН Қытайдың ең ірі сауда серіктесі мәртебесін сақтап келеді. Алғашқы 8 айда еліміз бен АСЕАН арасындағы сауданың жалпы құны 4,09 триллион юань болып, 14%-ға артып, еліміздің жалпы сыртқы саудасының 15%-ын құрады. Елімізбен ЕО арасындағы сауданың жалпы құны 3,75 триллион юань, 9,5%-ға өсіп, 13,7%-ды құрады. Қытай-АҚШ саудасының жалпы құны 3,35 триллион юань болып, 10,1%-ға артып, 12,3%-ды құрады. Қытай-Корея саудасының жалпы құны 1,6 триллион юань болып, 7,8%-ға өсіп, 5,9%-ды құрады.

Тағы бір айта кетер жайт, осы кезеңде еліміздің «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер импорты мен экспортының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға артты. Ал өңірлік жан-жақты экономикалық серіктестіктің (RCEP) қалған 14 мүшесінің импорт-экспорт айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото