Си Цзиньпин Орталық Әскери Комитеттің генерал шенін жоғарылату рәсіміне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 8 тамызда Бейжіңдегі Ба-и ғимаратында ҚКП Орталық Әскери комитетінің генерал шенін беру рәсімі өтті. ҚКП Орталық Әскери комитет Төрағасы Си Цзиньпин рәсімге қатысты.

Таңертең сағат 11:00 шамасында марапаттау рәсімі салтанатты түрде мемлекеттік әнұранмен басталды. Орталық Әскери комитет төрағасының орынбасары Сюй Цилян Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин қол қойған генерал шенін беру туралы жарлықты оқыды. Орталық Әскери комитет төрағасының орынбасары Чжан Юшя лауазымды жоғарылату рәсіміне төрағалық етті.

Си Цзиньпин генерал шенін алған Солтүстік соғыс аймағының қолбасшысы Ван Цянға жарлық хатын беріп, құттықтады. Генерал шенін иеленген Ван Цян Си Цзиньпинге құрмет сәлемін жасады. Сондай-ақ салтанатты шараға қатысушыларға құрмет сәлемін жасап, жиналғандар марапат иесіне ду қол шапалақпен жауап қайтарды.

Марапаттау салтанаты айбынды әскери әнмен аяқталды.

Орталық Әскери комитеттің мүшелері Вэй Фэнхэ, Ли Зочэн, Мяо Хуа, Чжан Шэнминь, Әскери комитеттің әртүрлі бөлімдері, Бейжіңде орналасқан әскерилердің тиісті бөлімшелеріне жауапты өкілдер жоғарылау салтанатына қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото