Шыңжаң мен Қазақстанның төрт облысы достық регион-облыс қарым-қатынасын орнату туралы ниет хатқа қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қыркүйек
Шыңжаң мен Қазақстанның төрт облысы достық регион-облыс қарым-қатынасын орнату туралы ниет хатқа қол қойды

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қыркүйекте Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Алматы облыстары бейнекөрсетілім арқылы «Шыңжаң – жақсы серіктес» достық ынтымақтастық диалогын өткізіп, регион мен облыс арасындағы достық қатынастарды бекіту туралы ниет хатқа қол қойды.

Автономиялық регионның партия комитетінің хатшысы Ма Синжүй өзінің негізгі баяндамасында Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықтың ертеден жалғасып келе жатқанын, Қытайдың Шыңжаңы мен Қазақстанның төрт облысы жақын дос, тату көршілер екенін айтты. Қытайдың Шыңжаңы Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағы ретінде Қазақстанның төрт облысымен ынтымақтастық жолындағы берік негізге ие. Ол сөзін сабақтап «Біз екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты жүзеге асырып, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру мүмкіндігін пайдаланып, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастарды ілгерілетуге оң үлес қосамыз»,- деп мәлімдеді.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Алматы облыстарының әкімдері Қытай мен Қазақстан арасындағы достық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Автономиялық регионның партия комитеті хатшысының орынбасары және автономиялық регионның төрағасы Еркін Тунияз Қытайдың Шыңжаңы атынан Қазақстанның төрт облысымен регион мен облыстық достық қарым-қатынасын орнату туралы ниет хатқа қол қойды. Ниет хатының мазмұнына сәйкес, екі тарап экономика және сауда, көлік және логистика, ғылым және технология, сондай - ақ, білім, ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларында алмасу және ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Жиналыста Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Ш.Нұрышев сөз сөйледі.

Іс-шараға автономиялық регионның басшылары Чжан Чуньлин, Чэнь Вэйцзюнь, Қаден Кәбенұлы және Қытайдың Қазақстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығының бас консулы Цзян Вэй қатысты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото