Қытайдағы 2022 жылғы ең қуатты 500 жеке кәсіпорынның тізімі жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы Бейжіңде 2022 жылғы Қытайдың үздік 500 жеке кәсіпорнының тізімін жариялады. JD.com Group, Alibaba (Қытай) Co., Ltd. және Hengli Group Co., Ltd. үздік үштікке енді. Алдыңғы қатардағы бес жеке кәсіпорынның операциялық кірісі 600 миллиард юаньнан асады.

Сол күні Қытайдағы ең қуатты 500 жеке кәсіпорын туралы зерттеу және талдау нәтижесінің 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі Есебі де жарияланды. Есепте көрсетілгендей, 500 қуатты кәсіпорын қатарына қосылудың ең төменгі шегі 26 миллиард 367 миллион юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 2 миллиард 866 миллион юанға артқан; 500 үздіктің ішіндегі 19 компанияның операциялық кірісі 300 миллиард юаньнан асады. Жалпы активтері 100 миллиард юаньнан жоғары 88 кәсіпорын бар. Үздік 500-дің ішіндегі 28 жеке кәсіпорын әлемдегі ең қуатты 500 компанияның тізіміне енді.

Мәліметтерге сүйенсек, биылғы Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы ұйымдастырған ірі жеке кәсіпорындар бойынша 24-інші зерттеу-талдауға жылдық операциялық кірісі 500 миллион юаннан асатын 8602 кәсіпорын қатысқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото