Си Цзиньпин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 22-нші отырысына қатысады және Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қыркүйек

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин 12 қыркүйекте: 14-16 қыркүйек аралығында Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 22-нші отырысына қатысады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен екі елге мемлекеттік сапармен барады деп мәлімдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото