- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев марапаттаған «Ең Жоғары Достық» орденін қабылдады
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қыркүйек
![]() |
16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 15 қыркүйек күні Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Самарқан халықаралық конференция орталығында Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев марапаттаған «Ең Жоғары Достық» орденін қабылдады.
«Ең Жоғары Достық» ордені Өзбекстанның шетел өкілдерін марапаттайтын ең жоғары мемлекеттік наградасы. Марапат Өзбекстанмен достық қарым-қатынасты дамытуға, халықаралық және аймақтық маңызды мәселелерді шешуге және Өзбекстанның ұлттық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін берілетін марапат түрі. Бұл «Ең Жоғары Достық» ордені тағайындалғаннан бері бірінші рет марапаттауға ұсынылды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online