Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында Шыңжаң шекарасы арқылы 8701 Қытай- Еуропа (Орталық Азия) кезекші пойызы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қыркүйек
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында Шыңжаң шекарасы арқылы 8701 Қытай- Еуропа (Орталық Азия) кезекші пойызы өтті

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Шыңжаң шекарасы арқылы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) бағытында 8701 кезекші пойызы өтті. Оның ішінде 954 пойыз Шыңжаңнан тікелей жолға шықты. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 39,3%-ға жоғары.

Мәліметтерге сәйкес, қаңтар-тамыз айлары аралығында Шыңжаңның сыртқы сауда импорт-экспортының жалпы құны 145,58 миллиард юань болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш 48,6%-ға артып, өсу қарқыны елде үшінші орынға ие болды. Оның ішінде тамыз айында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспорты 30,1 миллиард юаньға ұлғайып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,3%-ға артқан. Сөйтіп өсу қарқыны бойынша елде екінші орынға жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото