Қазақстан мен Венгрия Қытай-Еуразия көрмесінің басты қонақ елдері

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 қыркүйек

19 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 7 қыркүйекте Қытай-Еуразия көрмесінің баспасөз мәслихатынан алған ақпаратына сәйкес, бұл көрме онлайн және офлайн режимде өтеді. Көрмеге 3600 кәсіпорын 16980 экспонатпен онлайн қатысады. Қазақстан мен Венгрия көрменің басты қонақ елдері болып табылады.

Автономиялық регионның Сауда департаменті директоры Илхан Осман биылғы көрме инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық және Сянган-Аомэнь-Тайвань, тауар саудасы сияқты үш ірі көрме аймағын құратынын, сондай-ақ онлайн және офлайн көрме алғаш рет бір уақытта өтетінін жеткізді.

Көрмеге Азия, Еуропа, Африка және Американың 32 елінен (аймақтарынан) 3 600 компания 16 980 экспонатпен қатысады. Осы уақытқа дейін 2641 компания 2D және 3D стендтерін онлайн режимінде дайындауды аяқтады. Оның ішінде 882 компания 3D стендтерін құрды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото